Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмықтық Кодексінің 392 бабының 1-бөлігімен  Қазақстан Республикасының азаматы Т.К-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды. (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінен тысқары жерден қасақана заңсыз кесіп өту)
Осы аталған азамат заңсыз жолмен өткізу бекетінен тыс жерден, яғни Қазақстан Республикасының  мемлекеттік шекарасын Қырғыз Республикасына қарай кесіп өткен. Қырғыз Республикасының аумағында өзінің жеке шаруаларын бітіріп, Қазақстан Республикасына қайта оралу барысында шекаралық бекетінің қызметкерлеріне  ұсталған.
Сот аталған мән-жай бойынша айыпталушы Т.К.-ны Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 392 бабының 1-бөлігімен кінәлі деп тауып, оған 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, Қазақстан Республикасының Қылмықтық Кодексінің 63 бабына сәйкес, бас бостандығынан айыру түрінде  тағайындалған жаза шартты деп саналды.
Үкім  заңды күшіне енген жоқ.
         
Қайнар: Жамбыл аудандық сотының баспасөз қызметі