«Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу барысы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жуалы аудандық сотында «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілді қолдану барысы» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.  
Аталған іс шараға, сот судьясы Б.Жамалбекұлы, АІІБ-нің капитаны Е.Каипов, пробация қызметінің басшысы капитан А.Отарбаева, Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Ф.Оразымбетова және БАҚ өкілдері қатысты.
Судья Б.Жамалбекұлы өз сөзінде, соттағы іс жүргізудің ашықтығы, қолжетімділігі, айқындылығы, соттарда мемлекеттік тілдегі іс қағаздарын жүргізудің жай-күйін және оны қолданудың сапасын арттырудың ағымдағы және перспективалық мәселелерін талқылады. Ішкі құжат айналымда қазақ тілін қолдану аясын кеңейту бағытындағы  жұмыстар соттар тарапынан жанданғанын атап өтті. Сондай-ақ, ол процессуалдық құжаттарды әзірлеу барысында кездесетін жекелеген сөздер мен  қиын орамдарды қолданудағы жеке тәжірибесімен бөлісті. Болып жатқан шараның еліміз үшін  үлкен маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанды Отаным деп санайтын әрбір азамат мемлекеттік тілге зор құрметпен қарау керектігіне тоқталды.
Дөңгелек үстел аясында қатысушылар сот өндірісіне қабылданатын істердің саны мемлекеттік тілде жылдан-жылға көбеюі заңды құбылыс, сондықтан да қазақ тілінде толтырылатын құжаттардың сапасын арттыру қажеттігіне баса назар аударды.
Іс-шараның соңында қатысушылар пікірлерімен алмасып, қатысушылардан түскен сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.      
                                                                                                              
 
Қайнар: Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі