Мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқынан өмір бойына айырылып, сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Шу аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабының 2-бөлігімен (Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) және 369-бабының 2-бөлігімен (Қызметтiк жалғандық жасау) айыпталған  Шу ауданының ауыл округінің әкімі Ж-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.
Сотталушы Ж. мемлекеттік функцияларды орындауға лауазымды адам бола тұра, өзіне және басқа адамға пайда мен артықшылықтар алу мақсатында лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланып, мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіріп, ресми құжаттарға көрінеу жалған мәліметтерді енгізіп, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасаған.
Сот үкімімен Ж., Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің   361-бабының 2-бөлігімен және 369-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқынан өмір бойына айырылып, нақ сол мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.       
 
Қайнар: Шу аудандық сотының баспасөз қызметі