Мекркі аудандық сотында «Гендерлік саясат» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Меркі  аудандық сотында  «Гендерлік саясат » тақырыбында  судьялар  Е.Кенбаев, И.Джумагельдиева, медиатор А.Калыковтың, Сарымолдаев ауылдық әкімдігінің өкілі А.Камбарованың, сот қызметкерлерінің,  БАҚ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Семинар барысында судья Е.Кенбаев, бұл түсінік Қазақстандағы гендерлік саясаттың тапсырмаларын, басымдықтарын және негізгі принциптерін анықтайтындығын,  гендерлік саясаттың міндеттеріне әйелдер мен ерлердің билік құрылымдарына тең қатысуына қол жеткізу, экономикалық тәуелсіздіктің барлық тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, өз бизнесін дамыту және қызмет бабында ілгерілеу, отбасында құқықтар мен міндеттерді тең жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау, жыныстық белгісі бойынша зорлықтан еркін болуы жатқызылатындығын түсіндіріп өтті.
Қатысушылар «Гендерлік саясаттың» басты бағдары, атап айтқанда, әйелдердің отбасындағы құқықтары мен міндеттерін тең жүзеге асыруға жағдай жасау мәселелерін талқылады.
 
Қайнар: Меркі аудандық сотының баспасөз қызметі