Медиатордың арқасында тараптар келісімге келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Шу аудандық сотында ашық сот отырысында Қазақстан  Республикасының  ҚК-нің 131-бабымен (Қорлау, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту) айыпталған Х.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Істі қарау барысында сотталушы қылмысты жасаудағы кінәсін толық мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрап, шын жүректен өкінуіне, келтірілген материалдық шығынның орнын толтыруына байланысты тараптар өзара татуласып, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасалды.
Сот дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім заңға қайшы келмегендіктен, басқа біреулердің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбағандықтан оны бекітіп, сотталушы Х.-ға қатысты  қылмыстық іс өндірісімен қысқартылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.    
 
Қайнар: Шу аудандық сотының баспасөз қызметі