«Медиация туралы» Заңы түсіндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Сарысу аудандық орталықтандырылған кітапханасының оқу залында «Медиация туралы» ҚР Заңын түсіндіру» тақырыбында семинарлық сабақ өтті.
Семинарлық сабаққа Сарысу аудандық сотының төрағасы Н.Андабеков, судья Ж.Бекеева, Сарысу ауданының  ауылдық округтерінің әкімдері,  БАҚ-тың өкілі С.Ескараев, кәсіпқой емес медиаторлар О.Елеукулов, Р.Бахова, А.Мусаева, прокурор Қ.Қойшыбаев, ішкі істер бөлімінің өілі А.Ермашов, «Паритет» медиация және құқық орталығының директоры К. Данабаева, заңгер  А.Қадырқұлов, Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы  этномәдени орталықтарының жетекшілері, әділет басқармасының өкілі Г.Айнекова және қала тұрғындары қатысты.                                                                          
Іс-шараны  Сарысу аудандық сотының төрағасы Н.Андабеков өз  сөзімен ашып,  қатысушыларға  2011 жылы Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының  қабылданғанын еске салды. Сондай-ақ, тараптардың өздері дау-шарды сотсыз ерікті және тең құқықты негізде, уақытты, қаражатты, эмоциялық күш-қуатын үнемдеп, даудың әрбір қатысушысының мүдделерінің қанағаттандырылуын және қақтығысты қарау құпиялылығын ескере отырып, туындаған қақтығыстар бойынша шешімдер қабылдау медиацияның артықшылығы болып табылатынын, медиацияның мақсаты - екі тарап жасаған даудың медиация нұсқасына қол жеткізу және тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету екендігін айтты.
Заңгер, А.Қадырқұлов   медиация - тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізу үшін медиатордың жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) шешетін рәсім екендігін,бүгінгі күні, медиаторлардың көмегімен дауларды (жанжалдар) реттеу жиі кездесетінін, бірақ, әлі күнге дейін әсіресе ауыл тұрғындары медиация туралы хабарсыз екенін айтты.
Сонымен  қатар, ақпараттық кездесулерден  бөлек алдағы уақытта «Паритет медиация және құқық орталығымен» бастаушы медиаторларға оқу курстарын өткізу жоспарланғаны айтылды. 
 
Қайнар: Сарысу аудандық сотының баспасөз қызметі