Медиация тәртібімен отбасы татуласты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Меркі аудандық  сотында талап қоюшы Г.-ның жауапкер Б.-мен  некені бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.
Сот істі алдын ала қарау барысында тараптар дауды екі жаққа пайдалы шартармен аяқтауға келісіп, жауапкер Б.  отбасын сақтап қалу үшін қажетті шараларды қолға алатынын атап көрсетіп, талап қоюшы Г. некені бұзу туралы талап қою арызынан бас тартты.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Процессуалдық Кодексінің 277 бабына сай егер тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу келісіміне келіп және ол сотпен бекітілсе сот іс бойынша өндірісті тоқтатады.
Соттың ұйғарымымен іс бойынша өндіріс тоқтатылды.
681 тенге мөлшеріндегі мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылды.
Ұйғарым заңды күшіне енбеген. 
 
Қайнар:  Меркі аудандық сотының баспасөз қызметі