Мас күйінде көлік жүргізгені үшін көлік жүргізу құқығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
10.09.2017 жылы азаматша Б. маркасы «Mazda-6» автокөлігін спирттік ішімдік ішіп, Сарыкемер ауылы көшелерінің бірінде басқарып келе жатып, полиция қызметкерлеріне ұсталып, наркологиялық диспансерге жеткізілген. Тексеру қорытындысы күдікті растап анықтама берген.
Сот қаулысымен Б. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 3 (үш) жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Б.-ға берілген жүргізуші куәлігі Жамбыл облыстық ІІД-нің Әкімшілік полиция басқармасына орындалуы үшін жолданды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Байзақ аудандық сотының баспасөз қызметі