Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маманы облыстық «Қазақстан-Тараз» радиосынан эфирге шықты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маман – сот отырысының хатшысы А.Әуезбеков облыстық «Қазақстан-Тараз» радиосына «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» тақырыбында сұхбат берді. Эфир барысында А.Әуезбеков «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілгенін, кодекс мемлекеттік қызметшілердің жалпы моральдық, әдеп бейнесіне деген негізгі талаптарын орнататынын айтты. Сонымен қатар, кодекс мемлекеттік органға деген қоғамның сенімін арттыруға, мемлекеттік қызметтегі өзара қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға бағытталғаны туралы айтылды. Бұдан басқа, ол кодекстің мінез-құлықтың жалпы стандарттары, қызметтен тыс және қызметтік қатынастағы әдеп нормалары жайлы сөз қозғады.
                                                     
Қайнар: Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі