Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маман- сот мәжілісінің хатшысы «Қазақстан-Тараз» радиосынан эфирге шықты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маман – сот мәжілісінің хатшысы Е.Байсенгиров облыстық «Қазақстан-Тараз» радиосына «Тіл мерейі – ел мерейі» тақырыбында сұхбат берді.
Эфир барысында Е.Байсенгиров  өз сөзінде мемлекеттік тілдің қоғамдағы мәні мен рөлі туралы, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» табысты түрде іске асырылып отырғанын айтып өтті.
Сонымен қатар, мемлекеттік тілді дамыту – осы мемлекетте тұрып жатқан әр азаматтың қасиетті борышы және негізгі міндеттерінің бірі екендігі атап өтілді.
 
Қайнар: Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі