Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін жазаға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысы Жамбыл аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің  296-бабының 3 бөлігімен (есірткі затын заңсыз иемденіп сақтаған) көзделген айыпталушы   А.-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.
Осы  жылдың сәуір айында отбасылық жанжал туралы хабар бойынша оқиға орнына барған полиция қызметкерлері Жамбыл ауданына қарасты 27-разьездің ауылының тұрғыны А.-ның үйінің ішінен «кептірілген марихуананы» тауып алған.         
Осы аталған деректер бойынша қылмыстық іс қозғалып, аудандық сотқа қарау үшін жолданған.
Қылмыстық іс бойынша сот үкімімен А. қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, ол 53025  теңге айыппұл түріндегі жазаға тартылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.      
 
Қайнар: Жамбыл аудандық сотының баспасөз қызметі