Қылмыстық сот ісі барысындағы татуласу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қалалық №2 сотында ҚР ҚК-нің  191 бабының 2 бөлігінің 1 тармағымен /тонау/ айыпталып сотқа берілген А-ға қатысты қылмыстық істің қаралуы аяқталды.
Іс материалынан, 28.07.2017 жылы шамамен 18.00 сағатта, сотталушы А. Тараз қаласы Грэсовский көшесінде жәбірленуші Д-ны көріп, бөтеннің мүлкін ашық жымқыру мақсатында оның жанына келіп, жәбірленушінің   қолын қайырып сомасы 12000 теңгені құрайтын «Нокия» маркалы ұялы телефонын ұрлап, оған физикалық күш қолданамын деп қорқытып, қылмыс орнынан таса болған.
Басты сот талқылауы барысында сотталушы А. өзіне тағылған айып бойынша кінәсін толық мойындаған.
Қазіргі уақытта тараптар бітімгершілік шешімге келіп, жәбірленуші Д.  бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұраған.
Тараз қаласы №2 сотының үкімімен ҚР ҚК-нің  191 бабының  2 бөлігінің 1 тармағымен А. кінәлі деп танылып, оның меншігіндегі қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленіп, оған осы бап бойынша 4 (төрт) жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.      
 
Қайнар: Тараз қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі