Қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Сарысу аудандық сотында  ҚР ҚК-нің  188-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен / ұрлық / айыпталып сотқа берілген Б.-ға қатысты қылмыстық іс  қаралды.
Іс материалынан Б. 22.04.2017 жылы түнгі сағат 01:30 шамасында жәбірленуші Т-ға тиесілі, Сарысу ауданы, Саудакент ауылы, М.Маметова көшесінің бойында орналасқан „Гаухартас“ дүкенінің есігін көтеріп ашып, ішіне заңсыз кіріп, ішінде тұрған жалпы құны 13210 теңге тұратын, арақ, темекі, сусындар,  шоколадтар және касса мен дүкеннің сөресінде тұрған әмиянның ішінен 188600 теңгесін жасырын  ұрлап иемденіп, жәбірленушіге 201810 теңге материалдық шығын келтіргені анықталған.
Басты сот талқылауында іс бойынша тараптар медиация тәртібімен татуласуларына байланысты қылмыстық істі қысқарту туралы талап-тілекті мәлімдеп, оны бекітуді сұрады.
Іс бойынша төрағалық етуші судьямен іске қатысушыларға қылмыстық істі қысқартудың құқықтық салдары түсіндірілді.
Соттың қаулысымен ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен айыпталған Б.-ға қатысты қылмыстық іс, ҚР ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігі негізінде тараптардың медиация тәртібімен татуласуларына байланысты қысқартылған.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.      
 
 
Қайнар: Сарысу аудандық  сотының баспасөз қызметі