Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Байзақ аудандық сотында Е. мен Р.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 389-бабының 3-бөлігі (өзінше билік ету) бойынша қылмыстық іс қаралды.
Байзақ ауданы Қызыл жұлдыз ауылының тұрғындары сотталушылар Е. мен Р. басқа адаммен дауласып жатқан өзінің нақты құқығын өз бетінше жүзеге асыруды, азаматтардың құқығына елеулі зиян келтіру арқылы адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасап, Ш-қа материалдық шығын келтірген.
Сот процессінде тараптардың медиация тәртібімен бітімге келуіне байланысты, Ш. соттан қылмыстық істі қысқартуды сұрады.
Байзақ аудандық сотының қаулысымен қылмыстық іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты өндіріспен қысқартылды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Байзақ аудандық сотының баспасөз қызметі