Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қалалық №2 сотында ҚР ҚК-нің  108-бабымен (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) айыпталып сотқа берілген С.-ға қатысты қылмыстық істің қаралуы аяқталды.
Жеке айыптаушы П.-ның шағымымен С., Тараз қаласының №37 орта мектебінде еңбекке баулу сабағының оқытушысы бола тұра, 10.10.2016 жылы №37 орта мектебінің ауласында балалар алаңындағы төбешіктен сырғанауға келген жасы кәмелетке толмаған П. мен оның немерелі әпкесін, достарын көріп, балаларға балағат сөздер айтып, мектеп ауласынан қуғаны жөнінде, сонымен қатар балалар қорқып үйге қарай қашқан кезінде С. жасы кәмелетке толмаған П-ы автокөлігімен қуып жетіп, ұстап алып жерге құлатып арқасынан ұрып соққыға жықты деп айыпталған.
Осы оқиға бойынша жасы кәмелетке толмаған П.-ның анасы П. Тараз қаласының ІІБ-ның №1 ПБ-не арызданып, аталған арыз тіркеліп, сот-медициналық сараптамасы тағайындалған. Сараптаманың қорытындысы бойынша жасы кәмелетке толмаған П.-ның сол жақ білегі және оң жақ жіліншігі соғылып, денсаулығына жеңіл түрдегі зақым келтірілген.
Аталған шағым Тараз қаласы №2 сотының өндірісіне қабылданып, жеке айыптау ісі бойынша ҚР ҚК-нің 108-бабымен С.-ға қатысты қылмыстық іс қозғалған.
17.04.2017 жылы басты сот талқылауы барысында тараптар арасында  дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі жасалып, жеке айыптаушы П.-дан айыптан бас тарту туралы арызы түсті.
Іске қатысушыларға қылмыстық істі қысқартудың құқықтық салдары түсіндірілді.
Тараз қаласы №2 сотының 17.04.2017 жылғы қаулысымен ҚР ҚК-нің 108-бабымен қозғалған С.-ға қатысты қылмыстық іс жеке айыптаушы П.-ның айыптан бас тартуына және тараптардың медиация тәртібімен келісімге келуіне байланысты өндірісімен қысқартылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.    
                                     
Қайнар: Тараз қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі