Қылмыстық істі алқабилердің қатысуымен қарау тәжірибесі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Қылмыстық істі алқабилердің қатысуымен қарау тәжірибесі» тақырыбында семинар өтті.
Семинарға кеңсе меңгерушісінің міндетін атқарушы Г. Ескараева және соттың басқа да мемлекеттік қызметкерлері қатысты.
Іс шара барысында бас маман-сот отырысының хатшысы А.Ыбырайым семинарға қатысушыларды «Алқабилер туралы» Қазақстан Республикасының 16 қаңтар 2006 жылғы Заңымен, сонымен қатар қылмыстық істерді қарауда алқабилердің қатысу тәртібіне қатысты Қылмыстық-процестік кодексіне енгізілген өзгерістермен де таныстырды.
Өзінің баяндамасында А.Ыбырайым қылмыстық істерді алқабилердің қатысуымен қарау ерекшеліктеріне тоқталды. Қылмыстық істі қарау кезінде ең маңыздысы, алқабилер отырысына үміткерлерді  дұрыс және мұқият іріктеу болып табылатындығы, алқабилер тізімін құру барысында үміткерлердің сотталмағандығын, құқықбұзушылық және наркологиялық, психоневрологиялық диспансерде есепте тұрмау фактілерін назарға алу қажетігі айтылды. 
Семинар барысында А.Ыбырайым алқабилердің қатысуымен қаралған қылмыстық істер бойынша статистикалық деректер келтірді, яғни сотта 2014-2017 жылдар аралығында барлығы 8 қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралған, оның ішінде 2014 жылы - 3 іс, 2015 жылы - 1 іс,  2016 жылы - 4 іс.  Алқабилердің қатысуымен қаралған қылмыстық істер саны 2014 жылмен салыстырғанда 2016 жылы 25 пайызға өссе, 2015 жылмен салыстырғанда 4 есе өскен.
Іс-шара соңында семинарға қатысушылар басты сот талқылауында алқабилердің қатысу ерекшеліктерін атап өтті. 
Семинарға қатысушыларға барлық қызықтырған сұрақтары бойынша толыққанды жауаптар мен түсіндірмелер берілді.
 
Қайнар: Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар