Қордай аудандық сотында «Сот жүйесіндегі жаңашылдықар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қордай аудандық сотында судья З.ЖАбдикеримов, судьялыққа үміткер С.Чарипбекованың, Қордай АІІБ-ң қызметкерлері  М.Мукашев, М.Жайлаубеков, «2038» әскери бөлімінің қызметкері Р.Бейсенбаев және БАҚ-ның өкілдерінің қатысуымен «Сот жүйесіндегі жаңашылдықар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Судья З.Абдикеримов  өз сөзінде, Қазақстан Республикасы судьяларының VІ съездінде, Елбасымен берілген тапсырмалардың бірі - сот құрылысын жетілдіру, сот төрелігінің ашықтығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету, сот жүйесінің жұмысына қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды кеңінен енгізу болатын.
Қазақстан Республикасының басшысының аталған тапсырмасы бүгінгі таңда орындалды. Қазақстан Республикасының барлық соттарында «Төрелік» ақпараттық  жүйесі, «Сот кабинет» сервисі, «Электронды шақыру қағаз», «Сот құжаттарымен танысу» сервисі, «SMS–хабарлама» сервисі, «Талдау» форумы, сот органдарымен байланысу CALL-орталығы, сенім телефоны, дыбыс-бейне жазатын құрылғылар,  бейнеконференция арқылы сот төрелігін жүзеге асыру секілді жаңа ақпараттық технологиялар қызметке енгізілді.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының соттары үш сатылы (бірінші, апелляциялық, кассациялық) сот төрелігі жүйесі жұмыс атқаруда. Судья лауазымына кандиданттарды іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік талаптарын қатайту керектігін атап өтті.
Жалпы бүгінгі өткізіп отырған іс-шараның басты мақсаты - бұл БАҚ-мен бірлесіп жұмыс жүргізу, мемлекеттік емес ұйымдармен қарым-қатынастарды жақсарту, сот жүйесіне қатысты ақпараттандыруға қол жеткізуді жақсарту болып табылатындығын көрсетті.
 
Қайнар: Қордай аудандық сотының баспасөз қызметі