Қордай аудандық сотында «Оңайлатылған іс жүргізу» тақырыбында дөнгелек үстел өтті.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қордай аудандық сотында «Оңайлатылған іс жүргізу» тақырыбында дөнгелек үстел өтті.
 Қордай аудандық сотының судьясы М.А.Алиманованың жүргізуімен судьялыққа үміткер С.Чарипбекованың,  Халық Банк Қазақстан  АҚ-ның  өкілі Г.А.Коваленоктың, КазКомерцБанктің өкілі С.Б.Абдрасилованың, KASPI BANK АҚ-ның өкілі В.Д.Байтасованың, KMF ЖШС-нің өкілі Р.Ж.Татеновтың, «Құқықтық сүйемелдеу аймақ аралық агенттігі» ЖШС-нің заңгерлері А.Данебаевтың,  Е.Тустикбаевтың және «Қордай шамшырағы», «Вестник потребителя и предпринимателя» газеттерінің тілшілері қатысуларымен «Оңайлатылған іс жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Судья М.А.Алиманова өз баяндамасында азаматтық істер оңайлатылған іс жүргізу ретімен қарау туралы ерекшеліктерін атап өтіп, соның ішінде қандай талап-арыздар оңайлатылған іс жүргізу ретінде қарауға жататынын, талап-арыз беру кезінде азаматтық процессуалды нормаларының сақтау қажеттілігін түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, талаптар барлық ақпаратты судьяның талап арызын өндіріске қабылдау ұйғарым көшірмесін жазбаша түрде алатынын, талап қоюға, арызына пікір (қарсылық) ұсынуға он бес жұмыс күні мерзім белгілейді.          Даудың мағынасына қарай дәлелдемелер мен құжаттар қосымшаларымен негізге алынады.                                              
Іс-шараны қорытындылай келе, дөңгелек үстелге қатысушылар пікірлерімен бөлісіп, құқық саласында бірнеше ұсыныстар түсті. Қатысушылардың қойылған сұрақтарына нақты жауаптар берілді.
 
Қайнар: Қордай аудандық сотының баспасөз қызметі