Қордай аудандық сотында Қордай АІІБ-нің жеке құрамының қатысуымен сот үкімі жарияланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қордай аудандық сотында Қордай АІІБ-нің учаскелік полиция инспекторы майор Д.Алимкуловқа қатысты пара алу фактісі бойынша үкім жарияланды.
Іс материалдары бойынша, 2016 жылдың тамыз айында Д.Алимкулов өзіне белгіленген аумақты аралаған кезде азаматша Ш.-ның Қордай ауылында орңаласқан жер учаскесінде үй соққаның және құрылыс жұмыстарын Өзбекістан Республикасының азаматтары жүргізіп жатқандығын байқады.
Д.Алимкулов Қордай аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция инспекторы және билік өкілі бола тұра, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырмастан, азаматша Ш.-дан 10 000 теңге талап еткен, азаматша Ш. келісіп, ақшаны кейін беретінін айтқан.
Азаматша Ш., Д.Алимкуловтың іс-әрекеті заңсыз екенін түсініп, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Жамбыл облысы бойынша Департаментіне арызданған. Сөйтіп, учаскелік инспектор ақшаны алу барысында ұсталған.
Жамбыл облысының Қордай аудандық соты Д.Алимкуловты Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігінде (пара алу) көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп таныды.
Сот Д.Алимкуловты, мемлекеттік қызметте, құқық қорғау органдарында жұмыс атқару құқығынан өмір бойына айырумен және қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкін тәркілеумен қатар, оған параның алпыс еселенген көрсеткіші мөлшерінде, яғни 600 000 теңге айыппұл салу түріндегі жазасы тағайындады.
Сотталушы Д.Алимкулов «майор» шенінен айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Үкім жарияланған кейін БАҚ-ң өкілдері қатысуымен брифинг өткізілді.
 
Қайнар: Қордай аудандық сотының  баспасөз қызметі