Қордай аудандық сотында азаматтардың құқықтық сауатын арттыру мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Сот төрағасы С.Тұрғынбаевтың қабылдауына  аудан тұрғындары А.Ауғанбаев, Ж.Кулечбекова, Н.Свищева  жер даулар бойынша, қарыз соманы өндіру, бала асырап алу және көптеген өзекті сұрақтармен, сонымен қатар №4 Б.Бөлтірікова атындағы орта мектептің сынып жетекшісі мен түлектер келді.
Сот төрағасы аудан тұрғындарын тыңдап,  заңнамалардың нормаларына сәйкес, барлық жүгінулерге түсінік берді.
Оқу жылы аяқталуына байланысты, №4 Б.Бөлтірікова атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушыларының  сынып жетекшісінің бастамашылығымен мекептің түлектері Қордай аудандық сотына келді.
Судьялар түлектерді сот жүйесінің жұмысымен, азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істердің қарау тәртібін таныстыра өтті.  Содан соң, түлектер жаңа бейне құралдарымен  жабдықталған сот отырысының залдарын көріп шықты.
Сот төрағасы С.Тұрғынбаев түлектерді мектепті бітіруімен құттықтап, зор денсаулық, ұлттық бірынғай тесті ойдағыдай тапсыруды және мамандық таңдау кезде дұрыс шешім қабылдауды тіледі. 
Іс шараның сонында сынып жетекші Г.Сулейманова түлектердің атынан сот ұжымына назар аударған үшін алғыстарын білдіріп, осындай кездесулер жиі болуға ниеттерін білдірді.
Ашық есік күнінің өткізілу мақсаты тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениеттің және халықтың сот жүйесіне деген сенімін жоғарылату, сондай-ақ сот әділдігінің қол жетімділігі болып табылады.
 
Қайнар: Қордай аудандық сотының баспасөз қызметі.