Колледж студенттеріне арналған «Ашық есік күні» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Сарысу аудандық соты колледж студенттеріне арнап «Ашық есік күнін» өткізді.
Іс-шараға соттың төрағасы және қызметкерлері, Жаңатас көпсалалы колледжінің студенттері мен оқытушылары қатысты.
Сот төрағасы Н.Андабеков іс-шараның қатысушыларына сот жүйесінің жалпы мекемесі жайында, соттың қызметі туралы және азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істердің қаралу тәртібі жайында айтты.
Сондай-ақ оларға сот төрелігін жүзеге асырудағы ақпараттық технологияларды қолдану туралы айтылды.
Іс-шара аясында сот ғимараты бойынша таныстыру экскурсиясы жүргізілді.
 
Қайнар: Сарысу аудандық сотының  баспасөз қызметі