Кәмелетке толмаған балалар заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта жүргені үшін ата-анаға әкімшілік айыппұл салынады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысының  кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен  ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабы  3 бөлігімен құқық бұзушы  М.Б.-ға қатысты әкімшілік  іс қаралды.  
Құқық бұзушы М.Б.-ға  әкімшілік айыппұл салынғаннан кейін бір жыл ішінде қайдадан 2017 жылдың 22 тамызында сағат 23.00 кейін оның баласы кәмелетке толмаған Э.В. заңды өкілінсіз көшеде жүргендігі орын алғаны үшін хаттама толтырылды.
Құқық бұзушы М.Б. сот мәжілісіне келген жоқ, бірақ әкімшілік істе оның сот мәжілісіне өзінің келе алмайтындығы туралы және өзінің қатысуынсыз қарау туралы арызы тіркелген.
Соттың қаулысымен құқық бұзушы  М.Б.  ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 3-бөлігі  яғни, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп-жүруінсіз түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде болуы бойынша кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 15 айлық есептік көрсеткіштің 70%  мөлшерінде, яғни 23 825 теңге айыппұл салынды. 
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі