«Кәмелет жасқа толмағандардың туу туралы куәліктерін алуда туындайтын мәселелерді шешу»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жуалы аудандық сотында, «Кәмелет жасқа толмағандардың туу туралы куәліктерінің жоқтығы бойынша мәселелерді шешу» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.  
Аталған іс шараға соттың төрағасы Б.И.Мүлкібаев, қорғаушы А.Ибрашов, «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің Жуалы аудандық бөлімінің басшысы М.Зиябеков, Көші-қон қызметінің инспекторы Ғ.Рахмет, Жуалы ауданы әкімінің аппаратының АХАЖ бөлімінің басшысы Д.М.Қалдыбекова қатысты.
Іс шара барысында сот төрағасы Б.И.Мүлкібаев өз сөзінде,  дөңгелек үстелдің мақсаты  соттардың мемлекеттік ұйымдармен өзара байланысын жетілдіру, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының құжаттандыру, туыстық қатынастары бойынша өзекті сұрақтары мен заңды фактілерін анықтау туралы айта кетті.
АХАЖ бөлімінің басшысы Д.М.Қалдыбекованың айтуы бойынша кәмелет жасқа толмағандардың туу куәліктерін жоқтығының басты себебі ата анасының паспорттарының мерзімінің өтіп кетуі болып отыр, сол себептен ата аналары  осы уақытқа дейін Қазақстанның азаматтығын осы уақытқа дейін алмағанын, соның өзінде олардың балалары Қазақстанда туылып мектептерде туу куәліксіз оқып жатыр.
Осыған қарамастан іс шараға қатысушылар аталған проблеманы шешу мақсатында азаматтығы жоқ азаматтардың туу туралы фактілерін анықтау мәселелесін аудан әкімшілігімен бірлесе отырып шешу керектігін айтты.
Іс шара соңында осы мәселеге қатысты қатысушылар пікірлері тыңдалып, келешекте ортақ  шараларды әзірлеу туралы шешімге келді.
                                                                                                   
 
Қайнар: Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі