Әкімшілік жаза ретіндегі тағайындалған айыппұл соммасы 30%-ға қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен көзделген әкімшілік құқықбұзушылық бойынша істі қарады.  
Істі қарау барысында  құқықбұзушы А., Тараз қаласы, Пушкин көшесінің бойында жүріп келе жатқан №12 қоғамдық көлігінің ішінде көлік жүргізуші азамат О-ға былапыт сөздер айтқаны анықталған.  
Сонымен құқықбұзушы А., өз заңсыз іс әрекетімен ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиісу, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіру, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзу.
Құқық бұзушыға жаза тағайындарда судья ҚР ӘҚБтК-нің 56 және 57 баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескерді.
Сот, әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін мән-жайға құқық бұзушының өз кінәсін мойындап, жасаған іс әрекетіне өкінгендігін, құқық бұзушылықты бірінші рет жасағанын жатқызды. Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар іс бойынша жоқ.                                           
Осыған орай, сот іс бойынша әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды, жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтың сипатын, кінәлі адамның жеке басы, мінез-құлқын ескеріп, оған жаза ретінде әкімшілік айыппұл салуды, оның сомасын Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің 819 бабының 2 бөлігінің тәртібімен 30% қысқартуды дұрыс деп шешті.
Істі қарау қорытындысы бойынша  құқықбұзушы А., Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бойынша кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза ретінде 10 /он/ айлық есептік көрсеткішті 30% қысқартумен, яғни 21210*30%=14 847 (он төрт мың сегіз жүз қырық жеті) теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Қайнар: Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі.