Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жуалы аудандық соты азамат С.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабы 1 бөлігі (Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде жасалған басқа да әрекеттер) бойынша әкімшілік істі қарады.
Іс құжаттарынан анықталғандай, жәбірленушінің айтуы бойынша, құқықбұзушы С. алкогольды мас күйінде үйіне келіп әйелін былапыт сөздермен балағаттап үй тыныштығын бұған.
Сот мәжілісінде құқықбұзушы жасаған іс әрекетіне өкінетіндігін айтып, жәбірленушіден кешірім сұрап, жәбірленуші өз тарапынан медиатор арқылы келісімге келулеріне байланысты әкімшілік істі тоқтатуды сұрады.
Сот, анықталған мән-жайды зерттеп, ҚР ӘҚБтК-нің 64-бабының талаптарын басшылыққа алып, құқықбұзушыға қатысты әкімшілік іс бойынша тараптардың медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізгені туралы келісім түсуіне байланысты іс жүргізуін тоқтатты.
Жуалы аудандық сотының қаулысымен, тараптардың медиациялық тәртіппен бітімгерлікке келуіне байланысты әкімшілік іс өндірісімен тоқтатылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
 
 
Қайнар: Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі