Әкімшілік іс медиация арқылы қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Мойынқұм аудандық соты С.Ушбаевқа  қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73 бабының 1 бөлігімен қозғалған әкімшілік істі қарады.
С.Ушбаев 02.06.2016 жылы Күшаман ауылы, Шалабаев көшесі, №11 үйде заңды некедегі әйелі Ж.Байдилдаеваның ар-намысына тиетін балағат сөздер айтып, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында құқық бұзушылық жасаған.
Сот мәжілісінде С.Ушбаев кінәсін мойындап, бүгінгі таңда жәбірленуші Ж.Байдилдаевамен медиатордың көмегімен татуласқанын көрсетті.
Сот қаулысымен          С.Ушбаев ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73 бабының 1 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 64 бабы негізінде, яғни тараптардың медиатордың көмегімен татуласуына байланысты әкімшілік жауаптылықтан босатылды.
Қаулы заңды күшіне енбеген.
Қайнар: Мойынқұм аудандық баспасөз қызметі