Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Сарысу аудандық соты Қазақстан Республикасының Кодексінің 517 бабы 4-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны Ресей Федерациясының азаматы C.А.-ға қатысты әкімшілік істі қарады.
Іс құжаттарынан белгілі болғандай, азамат С.А. ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған, яғни шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның осы баптың 4-бөлігінде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін 3 күн ішінде Қазақстан Республлкасы аумағынан шығудан жалтарған.
Сот отырысында С.А. өзінің әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағанын толық мойындады.
Сот қаулысымен С.А. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 517-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, осы бап бойынша Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарылды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.   
 
Қайнар: Сарысу аудандық сотының баспасөз қызметі