«Қазақстан Тараз» телеарнасының тілшісі Тараз қалалық сотының судьясы Ж.Дуйсебаевамен сұхбат жүргізді.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қалалық сотының судьясы Ж.Дуйсебаева «Мұрагерлік құқық бойынша көкейтесті мәселелер туралы» тақырыпта «Қазақстан-Тараз» телеарнасында сұхбат берді.
Сұхбат беру барысында судья Ж.Дуйсебаева мұрагерлік туралы істер бойынша дауларды шешкен кезде соттар мұра ашылған күнде қолданыс аманы басшылыққа алуы тиіс. Мұрагерлік жөніндегі қатынастарды реттеудің бұрынғы тәртібіне қандай да бір өзгерістер мен толықтырулар енгізетін жаңа заң, ол қолданысқа енгізілгеннен кейін туындаған құқықтар мен міндеттерге қолданылады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1042 бабына сәйкес мұра қалдырушының қайтыс болған күні, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі күшіне енген күн, не сот шешімінде қайтыс болған деп белгіленген күн мұраның ашылу уақыты болып танылады. Егер бірінен кейін бірі мұрагер болуы мүмкін азаматтар бір мезгілде немесе бір күнтізбелік тәулікте, бірақ түрлі сағатта қайтыс болса, онда олар бірінен кейін бірі мұрагер болмайды және мұрагерлікке олардың әрқайсысының мұрагерлері шақырылатынын  атап айтты.
Қайнар: Тараз қалалық сотының баспасөз қызметі