«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын талқылау тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF
Жуалы аудандық сотында, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын талқылау атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. 
Аталған іс шараға, соттың төрағасы Б.Мүлкібаев, судья Б.Жамалбекұлы, аудан прокуроры Е.Марат, АІІБ-нің басшысының орынбасары М.Мүсрепбеков, жергілікті полиция қызметінің бастығы Т.Куатбеков, учаскелік полицейлер және БАҚ өкілдері қатысты.
Іс шара барысында, Б.Мүлкібаев қатысушыларды 03.07.2017 жылы шыққан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен таныстырып, сол заңмен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі 73-1, 73-2 баптармен толықтырылғандығын және аталған Заң 14.07.2017 жылы заңды күшіне енетінін айта кетті.
Төраға аталған өзгерістердің жергілікті полиция қызметкерлеріне өте маңызды екенін атап өтті. 
Іс шара соңында қатысушылар өзекті мәселелер бойынша басқа да сұрақтарды талқылап, өзара пікір алмасты.
 
Қайнар: Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар