Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында кеңсе меңгерушісінің және сот мамандарының қатысуымен «Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.
Семинар барысында кеңсе меңгерушісі Г.Киташова, бұл түсінік Қазақстандағы гендерлік саясаттың тапсырмаларын, басымдықтарын және негізгі принциптерін анықтайтындығын,  гендерлік саясаттың міндеттеріне әйелдер мен ерлердің билік құрылымдарына тең қатысуына қол жеткізу, экономикалық тәуелсіздіктің барлық тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, өз бизнесін дамыту және қызмет бабында ілгерілеу, отбасында құқықтар мен міндеттерді тең жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау, жыныстық белгісі бойынша зорлықтан еркін болуы жатқызылатындығын түсіндіріп өтті.
Қатысушылар «Гендерлік саясаттың» басты бағдары, атап айтқанда, әйелдердің отбасындағы құқықтары мен міндеттерін тең жүзеге асыруға жағдай жасау мәселелерін талқылады.
 
Қайнар: Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі