Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Байзақ аудандық сотының ұйымдастыруымен Ақыртас сарай кешенінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы мақаласын талқылау шеңберінде «Мәңгілік ел бастауы – рухани жаңғыру» атты «дөңгелек үстел» өтті.
Іс-шараға аудандық соттың төрағасының м.а. Д.Тасыбаев, аудан судьялары, аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры С.Қалмұратов,  ақын-ауданның Құрметті азаматы Н.Қасқырбай,  аудандық әкімдіктің мәдениет бөлімінің өкілі Ж.Наурызбаева, сот қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.
«Дөңгелек үстелді» Д.Тасыбаев ашып, Елбасының 2017 жылы жариялаған билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөнінде үндеуі мен Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы сот жүйесіне міндеттелген тапсырмалардың маңыздылығын, әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу – мемлекетіміздің басты мақсаты екенін атап өтті. Жаһанданудың бұл жаңа қадамы рухани жаңғырудан басталып отыр.
Іс-шара барысында Н.Қасқырбай,  Ж.Наурызбаева баяндама жасап, айқындалған болашақта жасалатын жоспарларды, нақты жобаларды жүзеге асыруға, ел бірлігін нығайтуға бағытталған жаңғыртудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің тиімділігін, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобаларын іске асыру шеңберінде атқарылып жатқан шараларды атап өтті.
Мәдени-танымдық жұмыстар мен әуесқой шығармашылық саладағы жан-жақты ынтымақтастықты құру мақсатында Байзақ аудандық соты атынан Д.Тасыбаев және аудандық тарихи-өлкетану музейінің атынан С.Қалмұратов ытымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Іс-шара соңында, Д.Тасыбаев рухани-мәдени білімнің жетілдіруіне үлесін қосқандары үшін сот жүйесінің қызметшірін құрмет грамоталары мен марапаттады.
 
Қайнар: Байзақ аудандық сотының баспасөз қызметі