Экономикалық сот қоршаған ортаға зиян келтірген мекемеден 3 миллионнан астам теңгені өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талапкер «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің жауапкер «Жарас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен қоршаған ортаға келтірілген залалды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.
Талапкер өзінің талап арызын жауапкердің 30.11.2015 жыл мен 23.11.2016 жыл аралығында қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алынбағанын, соның салдарынан атмосфераға 7,529319 тонна көлемінде залал келтірілген. Бұл Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 69 бабының 1 тармағының талаптарының бұзылуы болып табылады. Қоршаған ортаға келтірілген залал мөлшері 3 029 775 теңгені құраған.
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «Жамбыл облысы бойынша экология департаменті» РММ-нің жауапкер «Жарас» ЖШС-нен қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасын өндіру туралы азаматтық ісі қаралып, арыз берушінің талаптары қанағаттандырылды.
Мемлекет пайдасына 3 029 775 теңге мөлшерінде қоршаған ортаға келтірілген залал сомасы, 90 893 теңге мемлекеттік баж сомасы өндірілді.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
                                                       
Қайнар: Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі