Әділет жүйесін жетілдіру

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Е.З.Тажибаев «Қазақстан-Тараз» телеарнасының «Первая студия» бағдарламасында «Әділет жүйесін жетілдіру» тақырыбында сұхбат берді.
Сұхбат барысында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында сот жүйесіне жаңалықтар енгізілгені туралы атап өтті. Яғни, 2017 жылғы 17 шілдеден бастап, Қазақстан Республикасының соттарында сот бұйрықтарын электрондық форматта шығару туралы өтініштерді қарау енгізілген жобаның тапсырмаларын орындалуын атап өтті. Жаңашылдықтар электрондық сот ісін жүргізу сатыларына беруін көздейді және сот актісін орындауы заңды күшіне енгеніне дейін өтінішті тіркейді.
«Қазіргі замандағы технологияларды сот жүйесіне еңгізу сот ісін жүргізуді жеңілдетіп, сот қызметкерлерінің тұлғалармен байланысын азайтады,  сонымен қатар  тұлғалардың уақыттары үнемделіп сот жүйесінің айқындылығы мен  қолжетілімдігі қамтамасыз етіледі», - деп атап өтті судья Е.Тажибаев.
Осындай бағдарламаларға облыс судьяларының қатысуы жақсы дәстүрге айналғанын айта кетейік.
                                   
Қайнар: Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі