Дауды бейбітшілікпен шешті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл аудандық сотында талап қоюшы А.А-ның жауапкер Л.А-ға өзгенің заңсыз иеленуінен мүлікті талап ету туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.
Іс-құжаттарына сәйкес, талап қоюшы жауапкермен заңды некеде тұрғанын, 05.08.2017 жылы үйінен кетіп, бөлек тұратындарын, бұрынғы үйінде жеке пайдаланатын заттарының және бағалы бұйымдарының қалғанын, оны жауапкердің бермей отырғанын жазып, соттан жауапкер Л.А.-нің заңсыз иелігіндегі жалпы соммасы 1 143 000 теңге тұратын жеке пайдаланатын заттары (киім-кешек және т.б.) мен бағалы бұйымдарын қайтаруды сұраған.
Сот отырысы барысында, тараптар, дауды медиация тәртібімен реттеу келісіміне келген. Аталған келісімге сәйкес, жауапкер талапкермен отбасылық қатынасты сақтау мақсатында үш күннің ішінде, яғни 16.10.2017 жылға дейін талапкерге жалпы соммасы 1 143 000 теңге тұратын жеке пайдаланатын заттары (киім-кешек және т.б.) мен бағалы бұйымдарын қайтаруға міндеттенген, ал талап қоюшы заңсыз иеленуінен мүлікті талап ету туралы талабынан бас тартқан.
Тараптар аталған келісімді сот арқылы бекітуді және іс жүргізу өндірісін қысқартуды сұраған.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 277 бабына сай, егер тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасаса және оны сот бекітсе, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылады.
Соттың ұйғарымымен азаматтық істер медиация тәртібімен реттелуіне байланысты өндірісімен қысқартылып, мемлекеттік баж 11 430 теңге талап қоюшыға қайтарылды.
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.                     
 
 
Қайнар: Жамбыл аудандық сотының баспасөз қызметі