Дау шешіліп, неке сақталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қалалық соты неке бұзу туралы азаматтық істі медиация тәртібімен қысқартты.
Р. сотқа берген талап арызында, Т.-мен  2003 жылдан бері заңды некеде тұрып жатқанын, ортақ некеден араларында кәмелет жасқа толмаған үш баласы барын, жауапкердің өзін сыйламайтынын, балалардың тәрбиесімен айналыспайтынын, бұдан әрі Т-қа шыдамының жетпейтінін, отбасын сақтау мүмкін еместігін айтып арызданған.
Судья - медиатор тараптарға медиацияның отбасылық қатынастар саласындағы ерекшеліктері туралы түсіндірген соң, тараптар сотқа дауды медияция тәртібімен реттеу туралы келісімге келді.
Келісімге сәйкес, Р. некені жалғастыруды қалады, ал Т. жұбайына сыйластық танытуға және түсіністікпен қарауға, отбасына көңіл аударып, балаларының тәрбиесімен айналысуға міндеттенді.
 Соттың ұйғарымымен тараптардың дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі бекітіліп, азаматтық іс өндірісімен тоқтатылып.
681 (алты жүз сексен бес) теңге мөлшеріндегі мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылды.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.  
          
Қайнар: Тараз қалалық сотының баспасөз қызметі