Дау медиация тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл аудандық сотында талап қоюшы А.К.-ның жауапкерлер О.А-ға, Д.А-ға, Ф.Е-ге  қарыз соммасын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.
Сотта тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу келісіміне келген. Оның шарттары бойынша жауапкерлер  О.А., Д.А., Ф.Е.  31.12.2017 жылға дейін талап қоюшыға 4 707 324 теңге қарыз соммасын төлеуге міндеттенеді, талап қоюшы өз кезегінде талап арыздан бас тартады.
Аталған медиация келісімі заңға қайшы келмейтіндіктен, және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбағандықтан сот дауды медиация тәртібімен реттеу туралы медиативтік келісімін бекітіп, азаматтық іс өндірісімен тоқтатылып, іс бойынша төленген мемлекеттік баж 50 873 теңге бюджеттен талап қоюшыға қайтарылды.
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.            
 
 
Қайнар: Жамбыл аудандық сотының баспасөз қызметі