Бітімгершілік жолы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Дәстүрлі қазақ қоғамындағы билер билігін, олардың қоғамдағы беделінің жоғары  (болуымен негіздеуге болады. Билері бүгінгі күннің тергеушісінің де, соттың да қызметін атқарған. Билер өздерінің бір ғана сөзімен даулы мәселелердің дұрыс шешімін тауып отырған. «Қара қылды қақ жарған» деп дауды әділ, тура шешкен билерге мадақтау ретінде айтылып отырған. Бүгінде судьяның қызметі бидің билігінің баламасы. Сот билігіне қатысты көтерілген мәселе аз емес, мысалыға, сот жүйесін әрі қарай жетілдіру мен либерализациялау сияқты. Соңғы уақытта сот және тергеу органдарының қызметіне түскен ауыртпалық артуда. Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын және жүзеге асыратын, бастысы, тағдырын шешетін органдар қызметінің ауыртпалығы өз құзыретін жүзеге асыру кезінде қызметінің сапалық жағының төмен болуына алып келуі мүмкін. Аталмыш органдар қызметінің сапалық жағынан төмен болуы заңға қайшы, халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімсіздігіне алып келеді және әлеуметтік әділетсіздіктің орнауына, экономикалық шығынға да ұшыратады.  

              Бұл мәселені шешудің жолын бітімгершілік келісім - 2011 жылдың 5 тамызында күшіне енген «Медиация туралы» заңы дамытуда. Әлемдік тәжірибеде медиация ірі кәсіптерден бастап, неке-отбасы қатынастары мен дүниені бөлісу деген сияқты мәселелерге дейін кеңінен қолданылады. Ал, Қазақстанда бұл құқық саласы кенжелеп келеді, оның өзіндік себебі де аз емес. Біріншіден, медиацияның құқық қорғауда жаңа институт ретіңде қалыптасуы, екіншіден, бұл құқық саласында тәжірибе жоқтың қасы, үшіншіден, жарнама мен насихаттың аздығы. Тағы бір себебі - сотқа дейінгі іс жүргізудегі медиацияны қолданудың аздығы, оған екі себеп бар, біріншісі - осы саладағы атқарылып жатқан шараның жеткіліксіздігі. Екінші, құқық қорғау органдарында арнайы көрсеткіштер бар қанша іс сотқа дейін жеткендігі туралы, істің сотқа қаралуы белісіне қарай құқық қорғау органдардың өзіндік рейтингтерінің болуы да себепші. Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне бітімгершіліктің мәнісін екі жақ тараптарына түсіндіру немесе осы органдарда арнайы медиаторлардың бөлімшелерін ашу керек. Бірақ, медиация ұғымы бізге жат емес, жоғарыдағы айтылған билер сотына ұқсас дауласушы жақтарды ортақ келісіме келтіруге бағытталған. Құқық қорғаудың тағы бір түрі - Қазақстандық заңнамаға шет тілімен енген медиацияның мағынасы бітімгершілік. Осы тұста айта кететін жайт, заңның қабылдану кезінде заң атауына қатысты келіспеушіліктер болған, депутаттар тобы заңның шет тілімен енуіне қарсылығын білдіріп, қазақ тілінде бұл сөздің аудармасының толық мәнін сипаттайтын сөздің болуымен негіздеді, мәмілелестіру немесе бітімгершілік деген. Айтылған пікірлерге қосылмау қиын, медиация сөзінің дәл қазақша аудармасы да бар. Медиацияның негізі болып екі дауласушы жақты бір ортақ келісімге келтіру болғандықтан, заңның атауын «Бітімгершілік туралы» заң деген жөн болар еді. Қолданыстағы «Медиация туралы» заңға сәйкес, Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу мен оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ, медиатордың мәртебесін айқындауға бағытталған. Реттеу бағыты болып жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын, сондай-ақ, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар (дау-шарлар) медиацияның қолданылу саласы болып табылады. Қазақстанда медиация саласының дамуы мен іргелі құқықтық инситутқа айналуы ең алдымен медиатордың тұлғасына байланысты. Заңға сәйкес, қандай тұлғаның медиатор бола алатыны, оның қызметі мен құзыреті, жалпы жұмыс істеу тетігі айқындалған. Медиация кезінде дауласушы тараптардың келісімге келуінің маңызды элементі болып медиатор танылады, яғни, оның іскерлік тәжірибесі мен біліміне байланысты. Медиаторлық қызметті кәсіби және кәсіби емес медиаторлар жүзеге асыра алады. Заңға сәйкес, медиатордың еңбегі кәсіпкерлік қызмет болып табылмайды және өзге де қызметпен айналасуы мүмкін. Медиатор қызметінің еңбекақысы тараптардың келісімі бойынша айқындалып төленеді. Медиатор болуға лайық тұлғаның заңда көзделген талаптарға сәйкес келуі міндетті. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлер, тергеуге алынған қабілеті жоқ адамдар, сондай-ақ, жазасы өтелмеген немесе сотталғандығы кешірілмеген тұлғалар медиатор бола алмайды.

            Сот ісін жүргізудің медиациядан айырмашылығы - еркінде. Яғни «Медиация туралы» заңның 5-бабының негізінде тараптардың медиация туралы шартта көрсетілген өзара ерікті ниет білдіруі медиация рәсіміне қатысудың шарты болып танылуында. Сот ісі жария болса, медиацияда бұл рәсімнің сипаты жария емес. Сот ісін жүргізуде судьяны істің келіп түсуіне қарай арнайы техникалық бағдарлама анықтайды. Ал, медиацияда дауға төрелік етуші тұлғаны тараптар өздері таңдайды. Сотта талапкер шағымданған талаптың шегінде ғана іс қаралады. Ал, медиацияда талапты қанағаттандыру тәсілі талап қоюшы және екінші тұлғамен келісілуге тиіс.

            Судья істі қарау кезінде араласпаушылық қағидасын ұстанады, медиатор дауласушы тараптармен болатын келіссөздерге қатыса алады. Медиация мен сот ісін жүргізу кезіндегі заңмен қойылған мерзімдерінде де айырмашылық бар. Келісімге келуге  күнтізбелік отыз күн беріледі, соттағы қаралатын істің сатылығы мен ауырлығына және өзге де факторлардың орын алуы сот бітімгершілік келісіміне қол жеткізген жағдайда, бұл келісімді тараптар ерікті орандауға міндеттенеді. Заңға сәйкес, егер ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыстар бойынша жәбірленуші тарапқа келген залалдың орнын толтыру және оларды татуластыру арқылы жанжалды реттеу туралы келісім жасалса, ҚР ҚК-нің 67-бабы бойынша іс тоқтатылады. Айта кететін жайт, егер медиатор кәсіби этика кодексін және заңмен көрсетілген нормаларды бұзған жағдайда заңға сәйкес жауапкершілікпен қатар, медиа-торлар ұйымының уәкілетті органымен медиаторлар реестірінен медиатор ретінде қызмет атқару құқығынан белгілі мерзімге айырылады.

 

Қ.Назаркулова, Жамбыл облысының кәмелетке

толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

сотының кеңсе меңгерушісі