Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалануы туралы қылмыстық ісі қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қаласы  №2 сотында  ҚР ҚК-нің 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағымен (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалануды, лауазымды адам бола тұра, өзінің құқықтары мен өкілеттіктерінің шегінен анық шығатын және мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруді, басқа адамдарға пайда мен артықшылықтар алу және ұйымдарға зиян келтіру мақсатында жасалған іс-әрекеттер) айыпталған А.Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
2017 жылдың қаңтар айының 19 күні сағат 09.30 шамасында бақылаушы әділет аға сержанты А.Ж. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД №158/1 мекемесінің режим бөлімінің аға корпусшысы И.Г.-нің тапсырмасы бойынша №5 бекеттегі №47 камерада отырған сотталушы А.Е.-нің сұранысы бойынша медицина бөліміне алып шыққан.
Осы уақытта сотталушы А.Е. өз-өзіне қол жұмсауға дайындалып жатқанын, себебі оны жазасын одан әрі өтеуге, өзі қарсы болсада басқа облыстардың біріне жолдауға дайындап жатқанын естігенін бақылаушы А.Ж.-ға айтып, соңғыдан көмек сұраған.
Осымен қатар, сотталушы А.Е. бақылаушы әділет аға сержанты А.Ж.-ға оны жазасын өтеуге басқа облысқа жолдамау үшін, ол өзі отыратын №47 камерасының ішкі темір тор есігіне құлып ілетін темір ілгіш дәнекерлеп, сол арқылы аталған есікті құлыппен жауып, арнайы өзі дайындаған сұйық затпен өз-өзін өртеп, өлтіруге дейін баратын іс-әрекет жасамақ болып жатқанын айтқан.
Өз кезінде, бақылаушы әділет аға сержанты А.Ж., лауазымды адам бола тұра, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, сотталушы А.Е.-ге пайда мен артықшылық алуына ықпал етіп, ұйымдарға зиян келтіру мақсатында, соңғының аталған мекеме ішінде өміріне аса қауіпті өзін-өзіне қол жұмсау іс-әрекетін жасауға көмектесуге келіскен.
Тараз қаласы №2 сотының 23.05.2017 жылғы үкімімен А.Ж. ҚР ҚК-нің 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп танылып, оның меншігіндегі, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында қызмет атқару құқынан, «әділет аға сержанты» шенінен айырылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.  
    
Қайнар: Тараз қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі