Билік өкіліне бағынбау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Шу аудандық сотында ҚР ҚК-нің 379 бабы 1 бөлігінде, 380 бабы 2 бөлімінде  көзделген  (Билік өкілінің заңды талабына немесе өкіміне бағынбау және билік өкiлiнiң өз лауазымдық мiндеттерiн атқаруына байланысты өмiрiне және  денсаулығына қауiптi күш қолдану) қылмысты жасаған Т.-ға  қатысты қылмыстық ісі қаралды. 
Шу аудандық ІІБ-нің қызметкерлері  өз лауазымдық мiндеттерiн атқару мақсатында, қылмысты  болдырмау және әшкерелуіне байланысты  рейд жасаған.  26.01.2016 жылы  сағат 22.00  шамасында  сотталушы Т. Шу қаласы Заливная көшесінде  мас күйінде автокөлігін жүргізіп  келе жатқанын көріп  тоқтатып, құжаттарын көрсетуін сұраған. Сол кезде сотталушы Т.  полиция қызметкері Б.-ның заңды талабына бағынбай, билік өкiлiнiң өз лауазымдық мiндеттерiн атқаруына байланысты өмiрiне және денсаулығына қауiптi күш қолданып, автокөлігінің педалін басып, билік өкілін  автокөлікпен қағып, басқан, жәбірленуші Б.-ға орта дәрежедегі жарақат келтірген.  
Шу аудандық сотымен  Т.  Қазақстан Республикасының  ҚК-нің 279 бабының 2 бөлігімен, 380 бабы  2 бөлігімен  кiнәлi деп танылып,
ҚР ҚК-нің 379 бабы  1 бөлігімен бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, ҚР ҚКнің 380 бабы  2 бөлігімен 5 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚР ҚК-нің  58 бабының 3 бөлігін қолданып 5 жылға бас бостандығынан айырып, жазаны түзеу колониясының жалпы режімінде өтеуге жаза тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Шу аудандық сотының баспасөз қызметі