Байзақ аудандық сотында «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн есепке алу қағидалары» атты тақырыбында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Байзақ аудандық сотында кеңсе менгерушісі А.Узбекованың және сот мамандарының  қатысуымен  ««Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн есепке алу қағидалары» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.
Соттың бас маманы А.Каржауова  соттың мамандарына жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн дұрыс тіркеу туралы айтты.                            
Кез келген келіп түскен өтініш өтініштің мазмұны бойынша қысқаша деректерді өтінішті есепке алу карточкасында бекіту және тіркеу нөмірін тағайындау арқылы тіркелуі тиіс.
Өтінішті тіркеу алдында ААЖ бойынша тексеру жүргізіледі және өтініш қайталанды ма немесе алдыңғы өтініштің көшірмесі емес пе екендігі анықталады. Сотқа тікелей жазбаша жүгінген жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкіліне бірегей нөмір көрсетіле отырып, талон беріледі.
Республика бойынша "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы" № 1-ТӨ нысанды есеп Комитеттің орталық аппаратында автоматтандырылған тәртіпте ТӨБЕ ААЖ-ға түскен мәліметтер негізінде қалыптастырылады.
Семинар сот қызметкерлерінің кәсіптілігі мен құқықтық білімдерін көтеру мақсатында ұйымдастырылған.
Іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушылар алдағы уақытта жұмысты оңтайландыру мақсатында ұсыныстар енгізді.
 
Қайнар: Байзақ аудандық сотының баспасөз қызметі