Байзақ аудандық сотында «Сот тапсырмаларын орындау» тақырыбында семинар сабағы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Байзақ аудандық сотында кеңсе қызметкерлерінің қатысуымен  «Сот тапсырмаларын орындау» тақырыбында семинар сабағы өтті.
Іс-шара барысында кеңсе меңгерушісі А.Узбекова соттардан түсетін сот тапсырмасын уақытында және сапалы орындау өте маңызды екенін атап өтті.
Семинарда баяндамашы бас маман – сот отырысының хатшысы А.Джумаева сот тапсырмасын тіркелген сәттен бастап орындау тәртібіне тоқталды. Қатысушыларға хабарлама жіберу, оның ішінде олардың берілген мекен-жайда болуын анықтау аса қажетті екенін басып айтты.
Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар пікір алмасып, туындаған сұрақтарды талқылады.       
 
Қайнар: Байзақ  аудандық сотының баспасөз қызметі