Байзақ аудандық сотында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер мен құжаттарды дұрыс және толық рәсімдеу мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Байзақ аудандық сотында құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді және хаттамаларды әзірлеудегі негізгі тұстарын талқылау» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарды өткізудің негізгі мақсаты - әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер мен құжаттарды дұрыс және толық рәсімдеу мәселелерін талқылау, оларды анықтау.
Байзақ аудандық сотының судьясы С.Умралиев «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы» жасақтау кезінде туындайтын сұрақтар және істерді қарау барысында орын алған негізгі кемшіліктерге аса назар аударды. «Әкімшілік құқық бұзушылық Кодекстің тәжірибесі көрсеткендей, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 804-бабына сай әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасауға құқылы мемлекеттік мекемелерінің лауазымды адамдарымен әкімшілік хаттама Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 803-бабының 2-бөлігінің талаптарына сай жасақталмауы салдарынан, әкімшілік істер негізсіз қозғалған болып есептеліп, іс өндірісімен тоқтатылады»,- деді судья.
Сонымен қатар, қатысушылар Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне сай полиция қызметкерлерінің және мемлекеттік мекемелері мамандарының әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы дұрыс толтырмауы және құжатты толық рәсімдемеуі салдарынан сотта қарау кезінде қиындық туғызатын мәселелерді жан-жақты талқылады.
Іс-шараның қорытындысы бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлері тарапынан істерді рәсімдеу барысындағы атқарылатын жұмысты жақсарту бағытында ұсыныстар айтылды. 
 
Қайнар: Байзақ аудандық сотының баспасөз қызметі