Байзақ аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Байзақ аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді. Азаматтарды қабылдауды сот төрағасы Д.Тасыбаев жүргізді.
Аталған шара халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті көтеру, сот жүйесіне азаматтардың сенімін жоғарлату мақсатында өткізілді.
Аталған іс-шараға қорғаушы Абибулла Саулембаев қатысты. А.Саулембаев Қазақстан Республикасының азаматтық процестік кодексіне енген өзгерістер бойынша сұрақтарын қойды.
Қойылған әрбір сұрақтарына қолданыстағы заңнамаға сілтеме жасала отырып, толыққанды жауаптар берілді.
Осындай іс-шараларды өткізудің мақсаты әділ сот төрелігіне деген сенімді және қолжетімділігін арттыру болып табылады.
 
Қайнар: Байзақ аудандық сотының баспасөз қызметі