Байзақ аудандық сотымен «Сот Кабинеті. Соттар қызметін сырттай бағалау сауалнамасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Дөңгелек үстелге кеңсе меңгеруші А.Узбекова, бас маман А.Каржауова және Халыққа қызмет көрсету орталығының, Байзақ ауданы әкімдігінің, Байзақ ауданының мемлекеттік кірістер басқармасының және «Қазақтелеком» АҚ-ның Жамбыл облыстық филиалының өкілдері қатысты.
Жұмыс барысында кеңсе меңгерушісі А.Узбекова мен бас маман А.Каржауова Жоғарғы Соттың электрондық «Сот кабинеті» жаңа ақпараттық технологиясын  қолдану туралы, «Сот Кабинеті» сервисімен жұмыс істеу бойынша толық ақпараттар берді. Сервис жұмысына қатысты ұсыныстар берілді, сондай-ақ, соттар қызметін сырттай бағалау сауалнамасы жүргізілетіндігі жайлы айтылды.
Сауалнама сот ісін жүргізуге қатысушылардың сот талқылауларын ұйымдастыру және өткізу сапасына қанағаттану дәрежесін зерттеуге бағытталған.
Дөңгелек үстел соңында қатысушылар өз пікірлерімен және электрондық сервиспен пайдалану тәжірибесімен алмасты. 
 
Қайнар: Байзақ  аудандық сотының баспасөз қызметі