«Азаматтық талап қылмыстық процесте» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жуалы аудандық сотында «Азаматтық талап қылмыстық процесте» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.  
Аталған іс-шараға соттың төрағасы Б.Мүлкібаев, прокурор Е.Марат, қорғаушы Н.Алагөз, аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушілері  О.Қадырбаев, Н.Серкебаев, Р.Мусаев қатысты.
Іс-шара барысында сот төрағасы Б.Мүлкібаев өз сөзінде,  азаматтық талапты Қазақтан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген тәртіппен қылмыстық іспен бірге қарау, қылмыспен немесе есi кiресiлi-шығасылы жағдайдағы адамдардың қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетiмен өздеріне моральдық, күш қолдану арқылы немесе мүліктік зиян келтірілген адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін дер кезінде қорғаудың кепілі болып табылатынын атап өтті.
Сонымен қатар сот төрағасы тергеушілерге заңдағы талаптарды қатаң сақтауды яғни қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде анықтаушы, тергеуші, прокурор немесе сот азаматқа немесе заңды тұлғаға, егер іс бойынша қылмыспен немесе есi кiресiлi-шығасылы адамның қоғамға қауіпті әрекетімен оларға мүліктік залал немесе моральдық зиян келтірілгенін байқаса, олардың азаматтық талап қою құқығын түсіндіретінін айта кетті.
Сондай-ақ сот төрағасы тергеушілерге «Азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау туралы» Қазақтан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 20 маусымдағы нормативтік қаулысымен жете танысуды және ҚР ҚПК-нің 166 бабының талаптарын алдын ала тергеу жұмыстары кезінде сақтауды ұсынды яғни қылмыстық құқық бұзушылықпен немесе есi дұрыс емес адамның қоғамға қауiптi іс-әрекетiмен келтiрiлген мүлiктiк және моральдық зиянды өтеу туралы, сондай-ақ жәбірленушіні жерлеуге, емдеуге кеткен шығыстарды, оған сақтандыру өтемі, жәрдемақы немесе зейнетақы ретiнде төленген сомаларды, сондай-ақ өкiлдiк етуге жұмсалған шығыстарға қоса, анықтау өтеу туралы азаматтық талап қоюлары.
Дөңгелек үстел барысында осы мәселеге қатысты қатысушылар пікірлері тыңдалып, келешекте ортақ  шараларды әзірлеу туралы шешімге келді.
Іс шара соңында қатысушылар жоғарыда аталып өткен талаптарды талқылау барысында, өзекті мәселелер бойынша басқа да сұрақтар бойынша өзара пікір алмасты.
                                                                                                  
Қайнар: Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі