Азаматтық процессуалдық кодекс - сот жұмысын ашық, жедел, сапалы жүргізудің кепілі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тұрар Рысқұлов аудандық сотында «Азаматтық процессуалдық кодекс-сот жұмысын ашық, жедел, сапалы жүргізудің  кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел  өткізілді.
Іс шараға  аудандық соттың судьясы Л.Байтленова, судьялыққа кандидат Д.Кадеркулкызы, аудан прокуратурасының прокуроры Е.Абдимажитов, аудандық заң кеңсесінің  адвокаттары Д.Ноғайбаева, Б.Макаева, ІІБ-нің қызметкері Ж. Шілдебаев  және «Құлан таңы» газетінің тілшісі С.Дархан қатысты.
Дөңгелек үстел барысында судья Л.Байтленова Жаңа азаматтық процестік кодекстің жалпы ережелері мен елеулі өзгерістеріне кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, жаңа кодекстің басты бағыты – сот ісін жүргізуді жеңілдету, жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын тез  қалпына келтіру. Сонымен қатар, процеске қатысушылардың жарыспалылығы қағидатын күшейтуді, жеңілдетілген сот ісін жүргізудің жаңа институтын енгізуді және бұйрықтық іс жүргізуді қолдану салаларын регламенттейді. Бұл заң тұрғындар үшін сот ісін айтарлықтай жеңілдетті, даудың кез келген сатысында тараптарды татуластыру жөніндегі жаңа тетіктер кеңінен енгізілгенін атап өтті.
Азаматтық процестік кодексінің жаңа редакциясының негізгі новеллаларына  сот отырысы талқылауына істі дайындау кезеңінде шешілетін бірқатар мәселелердің шеңберін ұлғайту арқылы бұл кезеңді дамыту болып табылатынын айтып кетті.
Дөңгелек үстел  қатысушылары сот барысында іске қатысушылардың құқықтарын, сот актілерін жақтарға жолдау мерзімдерін, сот актілерін шағымдану мерзімі мен тәртібін, орындауға жолданатыны туралы  мәселелерін талқылады.
 
Қайнар: Тұрар Рысқұлов аудандық сотының баспасөз қызметі