Азаматтық іс оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

   Сарысу   аудандық сотымен талап қоюшы А.Р.-дың жауапкер А.Р.-ге  қарыз   ақшаны   өндіру  туралы   талап қою   арызы  бойынша  азаматтық іс оңайлатылған   іс  жүргізу  тәртібімен  қаралды.

   Талап қоюшы дауды сотқа дейінгі тәртіппен реттей алмады, соған байланысты талап қоюшы арызды қанағаттандыруды сұрады.

   Соттың   ұйғарымымен жауапкерге  2016 жылдың 1 сәуіріне  дейін  талап қою арызына пікір ұсынуы үшін мерзім белгіленген, алайда белгіленген  мерзім  ішінде   талап   қою   арызына   пікір келіп түскен  жоқ, сол  себептен  сот көрсетілген  істі   оңайлатылған  іс  жүргізу  тәртібімен  қарады.

   Сот іс-материалдарын  зерттеп, ақша  өндіру туралы талап арызды   толық  көлемде   қанағаттандырды. А.Р.-ден Р. А.-ның пайдасына 200 000 теңге қарыз сомасы өндірілді.

   Шешім заңды күшіне енген  жоқ.

 

 Қайнар: Жамбыл облысы Сарысу аудандық  сотының баспасөз қызметі