Азаматтық іс медиация тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысы Тараз қалалық соты ашық сот отырысында талап қоюшы М.-нің жауапкер «РПС-Компани» өндірістік компаниясына  материалдық шығынды және моралдық зиянды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісін қарады.
Сот отырысында, тараптар сотқа дауды сот медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін ұсынып, мерзім беруді сұрады.
Дауды медиация тәртібімен реттеуге тараптар өз келісімдерін берді.
Жауапкер «РПС-Компани» өндірістік компаниясы талап қоюшы М-ның үйіне терезелер орнатқан, алайда жұмыстары толық және сапалы жасалынбау себептерінен, талап қоюшы М-ның үйіне орнатылған 5 терезенің жетіспейтін бөлшектерін толықтырып жөндеп беруге және қалған 2 терезе мен 3 терезенің көзін 2016 жылдың 31 мамырына дейін орнатып беруге міндеттенді.
Тараптар аталған келісімді еріктілік қағидасына сай, жазбаша түрінде жасаған, келісім азаматтық іске тіркелді, ҚР АПК-нің 278 бабына сәйкес, оларға іс бойынша іс жүргізуді қысқартудың тәртібі мен салдары түсіндірілді.
Талап қоюшы М. жауапкер  «РПС-Компани» өндірістік компаниясына материалдық шығынды және моралдық зиянды өндіру туралы азаматтық іс бойынша сот медиациялық тәртіппен реттелген келісім бекітіліп, іс жүргізу қысқартылды.
 
Қайнар: Тараз қалалық сотының баспасөз қызметі