Азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істер бойынша сараптама тағайындау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысы Меркі аудандық сотында аудандық сотының судьяларының, Меркі аудандық ІІБ-нің, Меркі аудандық прокуратура өкілдерінің қатысуларымен «Азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істер бойынша сараптама тағайындау» тақырыбында семинар өткізілді.
Аталған іс-шара кәсіптік білімін тереңдету мақсатында, істерді қарау барысында негізсіз сараптама тағайындауды және істерді негізсіз тоқтамға алуды болдырмау, «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» сәйкес заң талаптарын қолдану ерекшеліктерін түсіндіру мақсатында өткізілді.
Меркі аудандық сотының төрағасы А.Дәуренбеков өз баяндамасында, сот сараптамасы іс үшін маңызы бар мән-жайлар, сарапшы арнайы ғылыми білімдер негізінде жүргізілетін оның объектілерін зерттеу нәтижесінде анықталуы мүмкін жағдайларда тағайындалады.
Сот сараптамасын сот тараптың өтініш хаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша тағайындайды. Тараптың және іске қатысатын басқа да тұлғалардың жазбаша дәлелдеменің бұрмалануы туралы арызы бойынша сот тиісті сараптама тағайындауға құқылы. Сараптама «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.
Аталған іс шара қылмыстық, әкімшілік және азаматтық өндірісі бойынша, азаматтардың құқықтық және заңды мүдделерін бұзуға жол бермеуі мақсатында өткізілді.
 
Қайнар: Меркі аудандық сотының баспасөз қызметі