Азаматтық істі объективті түрде қарағаны үшін судьяға алғыс

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облыстық сотының төрағасы Р.Алшынбаевтың атына азамат   Н.Курманалиевтен алғыс хат келіп түскен.
Өзінің алғыс хатында  Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы  А. Бексултанованың талап қоюшы Н.Курманалиев жауапкерлер О.Маметова мен С.Маметованың немересімен  кездесу уақытын белгілеу туралы  азаматтық ісін объективті түрде қарағаны үшін судьяға алғысын білдіріп және ризашылығын жеткізген.
Баласы  қаза болғаннан бері  талап қоюшы ұзақ уақыт бойына жауапкерлер немересін көрсетпегендіктен, өзінің немересімен кездесе алмаған.
Сот отырысы барысында судья тараптардың құқықтарын дұрыс түсіндіруіне байланысты, тараптар медиация тәртібімен келісімге келген.   
 
 
Қайнар: Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі